Инвестиция, консалтинг, сату және дистрибуция әлеміндегі Сiздің сенімді серіктесіңіз

Біздің компаниялар
triangle-pic-1

Компания туралы

Кәсіпқойлар командасы Сiздің бизнесіңіздің әлеуетін ашуға көмектеседі

Тактиканы, стратегияны өзгертіңіз, бірақ арманыңызды жоғалтпаңыз!

ANB Group 2013 жылы Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға мамандандырылған ANB Invest лейблімен құрылды. Бүгінгі таңда активтеріміз қатарында қаланың беделді аудандарында 10-нан астам үй-жай бар.

2017 жыл ANB Group компаниясы тарихында төмендегі компаниялармен жаһандық кеңею және жаңа бағыттардың ашылуымен есте қалды:

  • ANB Invest Group – Алматы қаласында коммерциялық жылжымайтын мүлікті тиімді шарттармен жалға беру.
  • ANB Machinery – Ауыр техника мен олардың қосалқы бөлшектерінің әлемдік брендтерінің ресми дистрибьюторы.
  • ANB Agro – Әртараптандырылған ауыл шаруашылығы компаниясы.
  • Minetech – Кен орындарын ашық тәсілмен кешенді әзірлеу ашық. Кен орындарында инфрақұрылымды дамыту.
  • Statuss компаниясы – Қазақстан нарығындағы жетекші құрылыс компанияларының бірі.

Толық оқу

Біздің команда көп жылдық тәжірибеге және бизнес саласында тұрақты байланыстарға ие, бұл біздің жетістігіміздің басты себептерінің бірі болып саналады.

Ұжымдағы ашық қарым-қатынас, үйлесімді жұмыс және өзара құрмет біздің өсуімізге көмектеседі.

ANB Group мақсаттарының бірі – бизнестегі бағыттарды әртараптандыру.

Компанияның жетістігі сенімді серіктестермен және дұрыс белгіленген міндеттермен анықталады. Біз нарықтың құбылмалылығына қарамастан бәсекеге қабілеттіміз және дамып келеміз. Сондықтан бізбен ынтымақтаса отырып, Сiз табыс пен тұрақтылыққа сенімді бола аласыз

25

Аяқталған
жоба

75

Көрсетілген
қызмет

8

Жылдан
бері нарықта

99+

Қанағаттанған
клиенттер

Компанияның миссиясы

Клиенттердің бірегейлігі мен даралығын сақтай отырып, олардың бизнесін дамыту.

Біздің ұстанымымыз

ANB Group - біз нені қалайтынымызды білеміз және әрқашан қажетті көрсеткіштерге қол жеткіземіз.

Басты артықшылығы

Тиімділік – біз нәтижеге жұмыс істейміз. Бізге сенім білдіре отырып, Сiз бізбен бірге табысқа жететініңізге сенімді бола аласыз.

Компания

туралы

kcell
kcell
kcell
kcell
kcell
kcell
kcell
kcell
circle-pic-1
triangle-pic-1

Қанағаттанған

клиенттер пікірі

«Кселл» АҚ

Жалға алушы болып табылатын «Кселл» АҚ компаниясы жұмыстағы кәсібилігі және жұмыстарды орындаудағы жеделдігі үшін «Nur Invest Kz» ЖШС-ға өз алғысын білдіреді.
Ортақ мүдделеріміздің игілігі үшін табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіреміз.

Сізге және Сiздің компанияңызға табыс және өркендеу тілейміз!

Свечников Сергей

«Кселл» АҚ филиалының басшысы

Kaspi Bank» АҚ

Біздің Алматы қаласындағы «ANB Invest Group» ЖШС компаниясымен ынтымақтастығымыз 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Осы кезең ішінде «ANB INVEST» ЖШС өзін сенімді және кәсіби серіктес ретінде көрсете білді. «ANB INVEST» ЖШС жұмысының ерекшелігі ұйым қызметкерлерінің жеделдігі мен жоғары ұйымдастырылуы, жағдайларға тез әрекет етуге дайындығы болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Kaspi Bank» АҚ «ANB INVEST» ЖШС компаниясының жоғары әлеуетін, одан әрі ынтымақтастыққа бағытталғандығын атап өткім келеді.

Гогоберидзе Т. Ш.

Алматы қаласындағы «Kaspi Bank» АҚ «Оңтүстік Астана» филиалының директоры

«Абботт Казахстан» ЖШС

«EMERALD GROUP» ЖШС - тұрғын емес үй-жайларды жалға беру саласындағы біздің серіктесіміз.
Ынтымақтастық барысында «EMERALD GROUP» ЖШС қойылған міндеттерге толық жауапкершілікпен қарап, жұмыстарды сапалы және мерзімінде орындау қабілетін көрсетті. «EMERALD GROUP» ЖШС жұмысының ерекшелігі - компания қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, ұйымшылдығы және уақтылы қолдау көрсету және коммуналдық қызметтер жүйесіндегі ақауларды жою мәселелерін шешу.

«EMERALD GROUP» ЖШС-ін сенімді және тұрақты іскерлік серіктес ретінде ұсынамыз.

Л. К. Өтебекова

«Абботт Казахстан» ЖШС Бас бухгалтері

«PJ Kazakhstan» ЖШС

Біз Сiздің компанияңызбен бірлескен жұмысты жоғары бағалаймыз.

Біз өзіміздің табыстарымыз үшін, серіктестерімізге, атап айтқанда, Сiздермен ынтымақтастыққа қарыздар екенімізді жақсы түсінеміз.
Ортақ мүдделеріміздің игілігі үшін табысты ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ бірлескен жұмыстың қол жеткізілген көрсеткіштерін одан әрі арттыруға сенім білдіреміз.

Сізге және Сiздің компанияңызға табыс және өркендеу тілейміз!

А.С. Гомилин

Атқарушы директор

Мармарис

Құрметті серіктес!

Сіздерге жемісті ынтымақтастығымыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз! Біздің бірлескен күш-жігеріміз бізді заңды іскерлік жеңіске жеткізді! Біз болашақта серіктестік қарым-қатынасымызды сақтап, жалғастыра алатынымызға сенеміз.

Сіздерге гүлдену, жаңа тиімді жобалар және бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз.

Д. А. Идрисова

Компания басшысы

«Алтыналмас» АК АҚ

Осы хатпен «Алтыналмас» АҚ компаниясы «ANB Machinery» ЖШС компаниясы Cummins өндірісінің бірегей ІЖҚ және қосалқы бөлшектерін жеткізуді уақтылы жүзеге асырғанын хабарлайды. «ANB Machinery» ЖШС-мен ынтымақтастық барысында бұл компания өзін кәсіби және сенімді серіктес ретінде көрсете білді. «ANB Machinery» ЖШС жұмысының ерекшелігі ұйым қызметкерлерінің жеделдігі мен жоғары ұйымдастырылуы, жағдайларға тез әрекет етуге дайындығы болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Алтыналмас» АК АҚ компаниясы «ANB Machinery» ЖШС-ға қызметтер мен материалдардың сенімді жеткізушісі ретінде ұсынуға барлық негіз бар.

Т. Б. Молдабаев

Ақтоғай жобасының өздігінен жүретін жабдығына қызмет көрсету және жөндеу бөлімінің бастығы

Компания кеңсесі

Біздің кеңсенің фотосы

circle-pic-1

triangle-pic-1

Идеяларға құнарлы топырақ қажет

Тек осы жағдайда ғана Сiз өзіңіз күткеннен де көп дүниеге қол жеткізесіз

Біздің команда көп жылдық тәжірибеге және бизнес саласында тұрақты байланыстарға ие, бұл біздің жетістігіміздің басты себептерінің бірі болып саналады

Меншікті инвестициялар

Меншікті активтер есебінен салынған инвестициялар біздің тұрақтылығымызды қамтамасыз етеді. Компанияның филиалдары Қазақстанда ғана емес, шетелде де бар. ANB Group - бұл ашық, әлеуметтік-жауапты бизнес және біз қаражатты қоғам мүддесіне сәйкес келетін жобаларға құямыз. ANB Group-тың клиенттермен жұмыс жасаудағы басты қағидасы - клиенттермен жұмыс жасау кезінде өзара тиімді ынтымақтастық. Серіктестік тиімді болуы үшін біз біліміміз бен тәжірибемізді қолданамыз. Компания дамуының дұрыс таңдалған векторының көрсеткіші жылдан жылға тұрақты өсіп келе жатқан тауар айналымы болып саналады.

Біздің клиенттер

Біздің тұрақты клиенттеріміздің тізімінде тау-кен, мұнай-газ, құрылыс және аграрлық салалардың жетекші компаниялары, сондай-ақ FMCG және HORECA секторының ірі өкілдері бар.

Біздің миссиямыз

Клиенттердің бірегейлігі мен даралығын сақтай отырып, олардың бизнесін дамыту

Біздің басшылық

thumbnail-pic

Акын Курекчи

Атқарушы директор, ANB Machinery

akin.kurekci@anbmachinery.kz
thumbnail-pic

Ведат Каан Окатан

Құрылыс техникасын сату бөлімінің директоры, ANB Machinery

vedat.okatan@anbmachinery.kz
thumbnail-pic

Касимов Жандарбек

Директор, ANB Logistics

zh.kasimov@anbgroup.kz
thumbnail-pic

Керденов Мирас

Атқарушы директор, ANB Invest

kerdenov@anbgroup.kz
thumbnail-pic

Азамат Бостанов

Техникалық директор, ANB Machinery

a.bostanov@anbmachinery.kz

Кері

байланыс

Жіберу түймесін басу арқылы Сiз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз.

Сіздің хабарламаңыз жіберілді.

circle-pic-3
mobile-phone